$ 449.58  486.94  4.86

Қазақ газы Қытайға кетіп жатыр: Даниал Ахметов позициясын білдірді

Сарыбұлақ кен орнындағы газдың Зайсан ауданының өзіне бар-жоғы 10-12 жылға жететінін бұған дейін Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтқан болатын.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Зайсан ауданының Сарыбұлақ кен орнынан шығатын газдың Қытайға экспорталуы жөнінде ақталып, пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Менің позициям былай – жағдай былай болуы керек: сөзсіз, экспортты қазір тоқтату керек. Тоқтатылды. Уақытша. Бірлескен жұмыс тобы алдағы уақытта жұмыс істейді. Содан кейін соның шешімін, нәтижесін қарап, халыққа керек шешімді алайық», - деді Даниал Ахметов үкімет кулуарында.

Сарыбұлақ кен орнындағы газдың Зайсан ауданының өзіне бар-жоғы 10-12 жылға жететінін бұған дейін Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтқан болатын. «Соған қарағанда Қытайға экспортты біржолата тоқтату керек шығар?» деген сұраққа Даниал Ахметов былай жауап берді.

«Мүмкін біржолата тоқтатамыз. Мүмкін қосымша барлау жұмыстарын жүргіземіз. Оны алдағы уақытта қараймыз», - деді облыс әкімі.

Еске сала кетсек бұған дейін Энергетика министрі Болат Ақшолақов Зайсан халқының газды Қытайға сатуды тоқтату жөніндегі талабы ескерілетінін мәлім еткен. Оның айтуынша, бұл мәселені жергілікті деңгейдегі комиссия шешеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары