$ 494.87  520.65  4.91

Түркістан облысында Конго-Қырым безгегі анықталды

Бұл вирус қоздырғышынан туындайтын аса қауіпті жұқпалы ауру, науқас дер кезінде медициналық көмекке жүгінбеген жағдайда, өлім жағдайына әкеліп соқтыруы мүмкін.

Шымкентте Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына ықтимал жағдай тіркелді, деп хабарлады жергілікті санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті. Ведомство мәліметінше, 16 мамыр күні Шымкент қаласында осындай дертке күдігі бар науқас жүгінген.

"Түркістан облысы, Бәйдібек ауданының 46 жастағы тұрғыны "Асқазан-ішектен қан кету. Ауыр дәрежелі деңгей" диагнозымен Облыстық клиникалық ауруханаға жедел жәрдем көлігімен жүгінді. Осы күні науқас Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына ықтимал диагнозымен Шымкент қаласының жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылды", - делінген хабарламада.

Бүгінгі күнге науқастың жалпы жағдайы интоксикация мен геморрагиялық синдромға байланысты ауыр дәрежеде. Науқас оқшауланып, Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жансақтау бөлімшесіне жатқызылды.

Науқаспен қарым-қатынаста болған 15 адам анықталды, оның ішінде 9 адам - медициналық қызметкерлер, барлығы медициналық бақылауға алынды.

"Індеттің алдын алу мақсатында кешенді эпидемиологиялық, зоопаразитологиялық және ветеринарлық алдын алу іс шаралары тиісті мамандармен жалғасуда", - дейді мамандар.

Шымкент қаласы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруынан қолайсыз аймақтар қатарына жатады. Өткен жылы дерттің екі жағдайы тіркелген.

Қалада кене шағып медициналық көмекке қаралған 284 адам тіркелді (2021 жылдың ағымдағы мерзімінде – 94 адам), яғни өткен жылдың осы мерзімімін салыстырғанда кене шағу жағдайы 3 есеге өскен.

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы– бұл вирус қоздырғышынан туындайтын аса қауіпті жұқпалы ауру, науқас дер кезінде медициналық көмекке жүгінбеген жағдайда, өлім жағдайына әкеліп соқтыруы мүмкін.

Sputnik.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары