$ 494.87  520.65  4.91

Референдумға бөлінген 16,4 миллиард теңге қалай жұмсалады?

Референдум өткізуге қаражат Үкімет резервінен бөлінеді.

Референдум өткізуге деп бөлінген 16,4 миллиард теңгенің 80 пайызға жуығы комиссия мүшелерінің еңбекақысын төлеуге жұмсалады. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина мәлімдеді.

Мұстафинаның айтуынша, референдум өткізуге қаражат Үкімет резервінен бөлінеді. Бірақ ол қаржы комиссия шотына ақша әлі түспеген.

"Бұл соманың 21 пайызы (3 миллиард 456,6 миллион теңге) дауыс беру учаскелерін материалдық-техникалық көмек көрсетуге, референдумның орталық, учаскелік және аумақтық комиссияларының жұмысын жүргізуге, баспа өнімдерін дайындауға, сондай-ақ, ақпараттық қолдау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге кетеді", - деді Мұстафина.

Оның айтуынша, шығынның басым бөлігі баспа өнімдерін, соның ішінде бюллетеньдерді, сонымен қатар, нашар көретін және зағип жандарға арналған трафареттерге кетеді.

"79 пайыз (13 миллиард 3 миллион 400 мың теңге) комиссия мүшелерінің еңбекақысын төлеуге жұмсалады. Еңбекақы ел бойынша орташа айлық жалақы көрсеткішіне сай", - деп түсіндірді Сәбила Мұстафина.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#референдум