$ 443.85  474.3  4.8

Биыл елімізде азық-түлік тапшылығы болуы мүмкін

Бағаны тұрақтандырамыз деп квотаны көбейте берсек, шаруалар шығынға ұшырауы әбден мүмкін екен.

Биыл Қазақстанда азық-түлік тапшылығы болуы мүмкін, деп хабарлайды КТК арнасы. Тек Қазақстанда емес, дүниежүзінде азық-түліктің ахуалы қиын дейді ауыл шаруашылығы министрі. Әлемде қазір тамақ құнының рекордтық өсуі байқалады. Ал елдегі бағаны ұстап тұру үшін қолдан келгеннің барлығын жасап жатырмыз дейді Ербол Қарашөкеев.

Соның бірі – азық-түлік тауарларына арнаулы квота енгізу. Министр өз сөзіне мысал етіп картоп бағасын келтірді. Былтыр бұл көкөністің келісі 500 теңге тұрса, биыл көтерме бағамен 150-170 теңгеге ала аласыздар деді ведомство басшысы. Бағаны тұрақтандырамыз деп квотаны көбейте берсек, шаруалар шығынға ұшырауы әбден мүмкін екен. 

Бұл ретте министр диқандардың мәселесін қозғады. Өйткені астық экспортына мүлде шектеу қою керек деген де ұсыныс министрлікке көп түскен.

"Жыл сайын 11-15 миллион тонна бидайды экспорттаймыз. Соның ішінде ішкі нарықтың қажеттілігі 7-ақ миллион тонна. Он екі миллион дейік, 12 миллион тонна бидайды тек Қазақстан ішінде қалдырып ұнға айналдыратын болсақ, ұнға макарон шығару 500-ақ мың тонна керек. Қалған ұнды қайтеміз”, – дейді ҚР ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары