18.05.2022, 12:40

Лифтіде әйелді аяусыз тепкілеген жігіт AMANAT партиясы мүшесінің ұлы болып шықты

Фото: ашық дереккөз
Заңгердің сөзінше, Гүлайым ханым өткен жылы өзінің сайлауалды бағдарламасында тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресіп, әйелдерге арналған орталықтарға барып көмек беретінін, ұлттық құндылық, тәлім-тәрбие жөнінде «көсіліп жазған».

Заңгер Айгүл Орынбек ер адамның "өткен жылы өзінің сайлау алды бағдарламасында тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресетінін" жазған Шымкенттегі AMANAT партиясының мүшесі, депутаттыққа үміткер Гүлайым Шунгараеваның ұлы екенін хабарлады.

«Мынау бейнежазбадағы жігіт – Шымкенттегі AMANAT партиясының  мүшесі, депутаттыққа үміткер Гүлайым  Шунгараеваның ұлы екен! Инстагарам  желісіндегі direct-ме көмек сұрап шыққан  қыздың туыстары «қылмыстық іс  қозғалмай, бұрмаланып жатыр» деп шағымданып, көмек сұрауда», – дейді Айгүл Орынбек әлеуметтік желідегі жазбасында.

Заңгердің сөзінше, Гүлайым ханым өткен жылы өзінің сайлауалды бағдарламасында тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресіп, әйелдерге арналған орталықтарға барып көмек беретінін, ұлттық құндылық, тәлім-тәрбие жөнінде «көсіліп жазған».

«Гүлайым ханым, Сіз осы зорлық-зомбылық жайттарына қалай араша түсіп, көмек  беріп жүрсіз? Сол кезде-ақ, мен жылдар бойы қоғамда әйелдер қауымының  құқығын қорғап, заңгерлік кеңес беріп жүрсем де, сізді мүлдем көрмегенмін ғой деп те сұрақ қойғанымда, бұлқан-талқан болған едіңіз! «Орталық аралап, сырттағы әйелдерге көмек бердім» деп оны көпшілікке көрсеткенше, үйдегі өз келініңізге көмек қолын созып, қамқорлық танытпайсыз ба?!», – деп жазды заңгер.