$ 494.87  520.65  4.91

Алматы облысында 16 жастағы жасөспірім үш көлікті ұрлап кетпек болған

Көлікті тастаған күдікті полициядан тұрғын үй аулалары арқылы қашпақ болды.

Алматы облысының полициясы ұрланған автокөлікпен қашып кетпек болған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Skinews.kz ақпарат порталы.

16 жастағы оқушыға үш көлікті ұрлап әкетті деген айып тағылды.

Ұрланған көлікпен қашып құтылмақ болған күдіктінің ұсталған сәтін полицейлер видеоға түсіріп алды. Жасөспірімнің ізіне түскен тәртіп сақшылары оны әуелі қала көшелерімен, кейін жаяу көпқабатты үйдің аулаларымен қуған.

Көлікті тастаған күдікті полициядан тұрғын үй аулалары арқылы қашпақ болды. Нәтижесінде тәртіп сақшылары ұрыны қолға түсірді.

Ұсталған оқушының Mitsubishi Galant, BMW және Mazda-626 ұрлығына қатысы бары анықталды. Аталған дерек 13-16 мамыр аралығында тіркелді. Көліктердің бірі Алматы қаласының шетінен, екіншісі Көксу ауданындағы Алғабас ауылының маңындағы жырадан табылды,— деді полиция департаментіндегілер.

Аталған дерек бойынша ҚК-тің 200-бабы (көлік айдап әкету) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция жасөспірімнің толық емес отбасынан шыққанын анықтады. Ұсталған оқушының анасы жалғыз өзі 4 баланы тәрбиелеп отыр. Жасына қарамастан, күдікті түрлі құқық бұзушылықтары үшін бірнеше рет полиция бөліміне жеткізілген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары