Жаңалықтар 19.05.2022 сағат 09:40

«Қазақтарды ауылға кіргізбейміз!»: Түркістанда өзбектер шу шығарып жатыр (ВИДЕО)

Ішінде бір өзбек азаматы қазақтарға қарата тіл тигізеді.
«Қазақтарды ауылға кіргізбейміз!»: Түркістанда өзбектер шу шығарып жатыр (ВИДЕО)
Фото: ашық дереккөз

Түркістанда жер дауы ушығып тұр. Бірақ бұл жолы шыққан даудан ұлтараздық алауыздықтың элементтері байқалады.

Телеграм арналардың бірінде Түркістандағы өзбектердің "көршілес ауыл малдарын өз ауыл маңына жолатпаймыз, қазақтарды кіргізбейміз деп шуылдасып" жатқан видеосы тарап жатыр. Ішінде бір өзбек қазақтарға қарата тіл тигізіп, қатты сөйлеп жатқаны байқалады.

"Видеоны жолдаған Ердәулет есімді оқырманымыздың айтуынша, оқиға Төлеби ауданының Ханарық елді мекенінде болған. Өзбектерді полиция қоршап тұр деген ақпарат бар. Осы уақытта өзбектер тарапы қазақтардан кешірім сұраған деген дерек те жетті", делінген Адырна.кз телеграм арнасы таратқан ақпаратта.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар