$ 494.87  520.65  4.91

Павлодарда 9-қабаттан құлаған сәби қайтыс болды

Дәрігерлер баланың өмірін сақтап қалу үшін екі күн бойы күрескен. Бала ауруханаға түскеннен бері комада жатқан еді. Ол 1,5 жаста болған.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Осыдан бірер күн бұрын Павлодарда бір жарым жасар қыз бала тоғызыншы қабаттың терезесінен құлап кеткен болатын, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Оқиға жөнінде Павлодардағы 103 қызметіне қала тұрғындары қоңырау шалып, Толстой көшесі, 90 мекенжайында орналасқан үйдің тоғызыншы қабатынан кішкентай қыз құлап кеткенін айтқан.

Дәрігерлер алты минут ішінде оқиға орнында болды. Жедел жәрдем сәбиді шұғыл облыстық балалар ауруханасына жеткізді.

Тағы оқыңыз: Павлодарда бір жарым жасар қыз тоғызыншы қабаттан құлап кетті

Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2021 жылдың 5 қаңтарында дүниеге келген қыз ауруханаға ауыр бас сүйек-ми жарақаты, мидың ауыр дәрежеде соғылуы, мидың ісінуі диагнозымен түскен.

Сонымен қатар 3-дәрежелі кома күйде болған, өкпесіне, бүйрегіне зақым келген, бауыры жыртылған, 3-дәрежелі зақымданудан шок алған, қан ұюы бұзылып, ауыр дәрежеде қаназдыққа шалдыққан.

Дәрігерлер баланың өмірін сақтап қалу үшін екі күн бойы күрескен. Бала ауруханаға түскеннен бері комада жатқан еді. Ол 1,5 жаста болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары