$ 494.87  520.65  4.91

Әскерден қашқан сарбаздың есі дұрыс емес болып шықты

19 мамырда мамандар қайта тексеру жүргізуді жоспарлап отыр.
Қорғаныс министрлігі Ақтау қаласындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді қызметін атқарып жүрген сарбаздың психикасының бұзылуы жайлы әлеуметтік желіге таралған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
 
Министрліктің хабарлауынша, 18 мамырда сағат 12.00-де бөлім басшылығы 25744 әскери бөлімінде әскери борышын өтеп жүрген қатардағы А. есімді жауынгер айналада болып жатқан оқиғаларға түсініксіз реакция көрсеткенін, өзімен-өзі сөйлесіп жүргенін байқады.
 
"Орын алған жағдай жайлы сарбаздың ата-анасына хабарланды. Жас жігіт медициналық тексеруден өту үшін облыстық ауруханаға жеткізілді. Тексеру нәтижесінде (МРТ, мидың КТ және маманның кеңесі) дене жарақаттары мен қауіпті патологиялар анықталған жоқ. 19 мамырда мамандар қайта тексеру жүргізуді жоспарлап отыр", - делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім оны әскерге шақыру үшін медициналық тексеруден өтуге мәжбүрлеп жеткізгені шындыққа жанаспайды.
 
"2022 жылғы 4 мамырда әскерге шақырылған А. есімді сарбазға белгіленген тәртіппен шақыру қағазы берілген. 11 мамырда ол шақыру пунктіне келді. Сол жерде оған және оның туысқандарына азаматтың басқа гарнизонға бармай-ақ, Ақтау қаласында қызмет өткеретіні мәлімденген болатын. Бұдан кейін әскерге шақырылушы ретінде сарбаз Қарулы күштердің қатарында қызмет етуге өтініш білдірген. Медициналық тексеруден өткенде, денсаулығына ешқандай шағым жасаған жоқ", - дейді министрлік.
 
Оқиғаға қатысты әскери полиция тексеру жүргізуде.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#сарбаз #ақтау