$ 494.87  520.65  4.91

«Өздері апарып тастаған»: Қоқыстан өлі табылған баланың анасы қамауға алынды

Ол церебральді сал ауруына шалдыққан.

Полицейлер Алматы облысы Сарқан ауданында қоқыстан өлі табылған бала мен оның анасының жеке басын анықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.  

Баланың анасы 19 жастағы жергілікті тұрғын болып шыққан. Оның айтуынша, қызы 2017 жылы дүниеге келген. Ол церебральді сал ауруына шалдыққан. Сондай-ақ балада туа біткен ақыл-ой кемістігі болған.

Биыл ақпанда бала ауырып, кенет қайтыс болған. Сондықтан әйел ағасымен бірге қызды қала шетіне жасырын түрде жерлеген.

"Қажет сараптамалар тағайындалды. Тергеу ҚР ҚК 99-бабы ("Кісі өлтіру") бойынша жүргізіледі. Қылмыстық іс облыстық полиция департаментінің ерекше бақылауына алынды. Күдіктілердің екеуі де аудандық полицияға жеткізілді", - деді Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің өкілі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары