2022 жылдың наурыз айында Дохада өткен Әлем кубогында марапаттау рәсіміне Z әрпі бар форма киіп шыққан ресейлік спортшы жазаға тартылды. Иван Куляк медалінен және ақшалай сыйынан айырылды. Ал халықаралық гимнастика федерациясы оны бір жылға жарыстардан шеттетті, деп жазады sport.unian.net.
«Гимнастикалық этика қоры комиссиясы (GEF) ресейлік гимнаст Иван Кулякті FIG ережелерін бұзғаны үшін, атап айтар болсақ, наурыз айында Дохада өткен әлем чемпионатында ортаға Z әрпімен шыққаны үшін жазалады.
Куляк этика мен әдеп ережесін, кодексін, жарғысын және ұйымның техникалық регламентін бұзды. Жарыстан шеттетілгеннен бөлек, спортшы қола медальді және 500 швейцариялық франк көлеміндегі ақшалай сыйды қайтарып береді.
Ресей делегациясының басшысы Валентина Родионенко мен жаттықтырушы Игорь Калабушкаинге қатысты ешқандай ереже бұзушылық анықталған жоқ», - деп хабарландыхалықаралық гимнастика федерациясынан.
Айта кетейік, Куляк Дохада өткен әлем чемпионатында үшінші орынды иеленген еді. Ол марапаттау рәсіміне Z әрпі бар киіммен шыққан. Аталған әріп Украинаға қарсы соғыстың символикалық белгісі болып саналады. Бұл жарыста бірінші орын украиналық Илья Ковтунға, ал екінші орын қазақстандық Милад Каримиге бұйырды.
Атап өтерлік жайт, бұл ресейлік спортшылардың нацистік белгілерді бірінші рет дәріптеуі емес. Картингтен жасөспірімдер арасында өткен Еуропа чемпионатында Артем Северюхин дәл осындай әрекеті үшін жазаланған еді.