19.05.2022, 17:20

Жан Кособуцкийдің WBC титулы үшін жекпе-жегі тікелей эфирде көрсетіледі

Фото: ашық дереккөз
Ол француз боксшысы Жоан Дюопамен (39-6, 26 КО) кездеседі.

 Мамырдың 21-інен 22-іне  қараған түні қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий (17-0, 16 КО) WBC International чемпионы бос белбеуі үшін француз боксшысы Жоан Дюопамен (39-6, 26 КО) кездеседі, деп хабарлайды Sports.kz.

Қазақстанда Кособуцкий-Дюопа жекпе-жегін "Хабар" телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Тікелей көрсетілім Нұр-Сұлтан уақытымен 00:00-де басталады.

Жан Кособуцкий өзінің соңғы жекпе-жегін қараша айында өткізді: ол ешқашан жеңіліп көрмеген доминикандық боксшы Алексис Гарсияны (11-1, 7 КО) бесінші раундта нокаутқа жіберді. Жоан Дюпа да қараша айында қолғап түйістіріп, венгриялық джорнимен Андраш Чоморды (18-34-2, 14 КО) екінші раундында жеңген еді.