Павлодардағы көңіл-көтеру орындарының бірінде жанжал шықты. Әлеуметтік желі қолданушылары қазақтарды түрлі сылтаумен гастро-барға кіргізбей жатқанын айтуда, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«Павлодарда қазақтарды барға кіргізбейді. Олады дресс-код пен фейс-контрольдан өткізбейді», - деп жазады басылым авторы.⠀
Белгілі болғандай, мекеме қызметкерлерінің «таңдаулылығы» көптен бері сынға алынып келеді. Оған 2gis-тегі шолулар дәлел.
Ерлан Бөкенов: Толық ұлтшылдық, қазақтарды кіргізбейді;
Гузя Кенже: Менің достарымды кіргізбеді, себебі не? Ұлты басқа ма? Сіз қайда тұратыңызды ұмытпаңыз?
Асем Адилова: Сабырлы, мәдениетті адамдар келді. Олар фейс-контрольдан өтпеді... Орыстарды ғана кіргізесіздер, солай ма???;
Объективті пікір: Нацистер жұмыс істеп жатыр! Орыстар басымдыққа ие, қазақтарды кіргізгісі келмейді;
Макинтош: Ұлтшылдар! Мына лас жердің иесінен бастау керек. Бұл - оның қалауы;
Red Fox: Астанада олар Zoloto клубына еркін барды, ал мұнда кіргізбеді. Бұл - нацизм;
Данияр Нұртазинов: Face-control Олар маған ештеңе түсіндірместен кіргізбеді. Досым байсалды және әдемі киінген болатын.
Сондай-ақ, осыдан бір ай бұрын жазылған пікірлердің біріне мекеме басшылығы бүгін ғана реакция білдірді.⠀
«Қауіпсіздік қызметі қызметкерлерінің лауазымдық сипаттамасында «ұлтшылдық» тармағы ешқашан болған емес және болмайды», - делінген хабарламада.