Жаңалықтар 19.05.2022 сағат 22:20

Қостанайда жанып жатқан көліктен ер адамды алып шыққан

Рөлдегі ер адам ес-түссіз күйде болды.
Қостанайда жанып жатқан көліктен ер адамды алып шыққан
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қостанайда бірден бірнеше көлік өртеніп кетті. Әлеуметтік желіде тұрғындардың жанып жатқан көліктен ер адамды қалай құтқарғаны туралы видео пайда болды.

19 мамырда сағат 02:00 шамасында «102» пультіне Юбилейный ауданында көлік жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Кейін ВАЗ-2114 автокөлігі жанып жатқан оқиға орнына автопатруль келген. Көлікке жақын маңда патрульге көлік салонында бір адам барын айтқан жас жігіт болған.

«Жанып жатқан көлікке қарай жүгіріп, жүргізуші жағынан есікті аштық. Рөлдегі ер адам ес-түссіз күйде болды. Жүргізуші салоннан шығарылып, қауіпсіз жерге, автобус аялдамасына жеткізілді», – деді Қостанай облысы Полиция департаментінің қызметкері Жұманиязов.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар