Маңғыстау облысында әскер қатарына алынғанына үш-ақ күн болған жас сарбаз есінен адасты, деп хабарлайды «Хабар 24».
19 жастағы Талғат Аймұханов Құрық ауылындағы теңіз жаяу әскерінде борышын өтеуді бастаған. Алайда аяқ асты өзін біртүрлі ұстай бастаған. Қазір облыстық ауруханада жатыр.
Сарбаздың туыстары оның әскерге өз еркімен аттанбағанын айтады. Ал әскерилер басқаша айтып отыр. Бұл кадрларды 19 жастағы Талғат Айтмұхановтың ата-анасы түсірген. Онда жас жігіт ес-түссіз аурухана төсегінде жатыр. Сарбазды осында Құрық ауылындағы әскери бөлімшеден жеткізген. Мұндағылардың айтуынша, Талғат келгеннен кейін 3 күн өткен соң өзін біртүрлі ұстай бастаған. Жауынгердің денсаулығына алаңдаған бөлімше басшылығы дереу Ақтауға жіберді. Қазір дәрігерлер тексеру жүргізіп жатыр.
Ал Талғаттың ата-анасы бұл жағдайға әскери қызметкерлерді кінәлайды. Мақсат Сәрсенбаев, Т.Айтмұхановтың әкесі:
-Баламды әскерге 14-і алып кетті. 18-і күні хабар айтып отыр. Анасына хабарласқан "балаң ес-түссіз жатыр, балаңды қаратуымыз керек" - деп. Баланы көрдік, өзіміз шок болдық, танымай қалдым. Аты-жөнін білмейді, келмесеңіз болмайды деп. Кешкі сағат 5-6-да жеттік. Баланы көрдік, өзіміз шок болдық, танымай қалдым. Балам футболист, спортсмен бала еді. Өз еркімен барған жоқ, негізі оқып жүрген бала еді, 11-і күні таңертең барады, мед-тен өтейін деп, одан өте алмай, сосын военчасқа айтайын өте алмадым деп, военкоматқа барады. Барған кезде 2 офицер екі жағынан ұстап, аудандық ауруханаға апарады. Кешке пойызға мінгізіп жібереді. Баламды берсе, алып кетейін деп тұрмын, бұлар бермей тұр.
Бұл Талғат Айтмұхановтың қазіргі жағдайы. Ол тіпті жасын да айта алмайды. Алайда сұхбат бергеннен кейін жарты сағаттан соң өзін басқаша ұстады. Қазір сарбаздың жағдайы бойынша әскери полиция тексеру жүргізе бастады. Құзырлы мекеме өкілінің мәліметінше, Талғат Айтмұханов медициналық комиссияға келген кезде денсаулығына шағым болмаған.
Тіпті әскери бөлімше басшылары оның өз еркімен отан алдындағы борышын өтеуге келгенін айтады. Ренат Шарипов, 25744 әскери бөлімі командирінің орынбасары:
– Әскери шақырылушы ретінде Айтмұханов қарулы күштердің қатарында қызмет өтеуге өтініш білдірді. Облыстық ауруханаға жеткізілді. Тексеру нәтижесінде МРТ, мидың КТ және маманның кеңесі, дене жарақаттары мен қауіпті потологиялары анықталған жоқ. Биылғы жылдың 19 мамырында мамандар қайта тексеру жоспарланып отыр. Әскерге шақырушыны медициналық комиссиядан өткізіп, одан әрі әскерге жіберу үшін аудандық Қорғаныс істер жөніндегі бөлімге мәжбүрлеп жеткізуге қатысты ақпарат нақты емес. Қазір сарбаз ата-анасымен бірге қалалық ауруханада жатыр. Психиатр дәрігер денсаулығына тағы тексеріс жүргізбек. Егер Талғат Айтмұхановтың есі дұрыс екені анықталса, оған әскери борышын өтеуді жалғастыруға тура келеді.