20.05.2022, 10:00

Google Ресейдегі кеңсесін жапты

Фото: ашық дереккөз
Шоттарды бұғаттау IT алыбына Ресей аумағында өз функцияларын орындауға енді мүмкіндік бермейді.

Әйткенмен компания тегін қызметтерді пайдалану мүмкіндігін беруді жалғастырады, деп хабарлады Интерфакс.

Шоттарды бұғаттау IT алыбына Ресей аумағында өз функцияларын орындауға енді мүмкіндік бермейді. Сондай-ақ ресейлік кеңсе қызметкерлерінің жалақысын сақтау да мүмкін емес.

«Google Russia банк шотының бұғатталуы біздің ресейлік кеңсенің жұмысын, соның ішінде Ресейде қызметкерлерді ұстауды және еңбек ақысын төлеуді, жеткізушілер мен мердігерлерге ақы төлеуді және басқа да қаржылық міндеттемелерді орындауға мүмкіндік бермейді», - делінген компанияның хабарламасында.

Сонымен бірге, Google Ресейдегі еншілес мекемесінің өз банкроттығын бастау ниетіне қарамастан, Ресей Федерациясынан келген пайдаланушыларға тегін қызметтерді пайдалану мүмкіндігін беруді жалғастырады. Яғни «іздеу», YouTube, Gmail, «Карталар» және Google Play қызметтері өшпейді.