Жапониялық кәсіпқой боксшы Риота Мурата Геннадий Головкинге үн қатып, карьерасындағы бір естелігін айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Сәуірде Сайтамада Головкин Муратаны мерзімінен бұрын жеңген еді, бірақ жапон боксшысы қазақстандыққа деген таңданысын жасырмайды.
«Facebook маған бүгін жеті жыл бұрын Головкиннің жекпе-жегін көру үшін Лос-Анджелеске барғанымды еске салды. Уақыт тез өтеді. Әлі де ойында жүргеніңізге, әрқашан құрметпен қарайтын боксшы болғаныңыз үшін рақмет», - деп жазды Мурата.
Еске салайық, сәуірде Жапония Головкин Муратаны 9-раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын. 40 жастағы Геннадий Головкин кәсіпқой карьерасында 42-жеңісіне қол жеткізген еді.