$ 494.87  520.65  4.91

Отставкадағы подполковник бақташыны аяусыз соққыға жыққан

Анасының көзінше баласын ұру адамгершілікке жатпайды. Әйел айқайлап, жылап, жалбарынған.

БҚО-да отставкадағы подполковник бақташыны ұрып-соқты деген күдікке ілінді. Зардап шеккен азамат бас-сүйек жарақатымен аудандық ауруханаға түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сырым ауданы, Жымпиты ауылының тұрғыны (есімін атамауды сұраған) оқиғаның қалай болғанын айтып берді. Сөзінше, 19 мамырға қараған түні 38 жастағы бақташының үйіне көрші ауылдың үш тұрғыны басып кіріп, соққыға жыққан. Зардап шеккен ер адамның мүгедек анасы оқиғаның еріксіз куәгері болыпты. Жанжалдың неден шыққаны белгісіз.

"Анасының көзінше баласын ұру адамгершілікке жатпайды. Далаға шығарып, сөйлессе де болар еді. Әйел айқайлап, жылап, жалбарынған. Бірақ оны ешкім тыңдамаған. Оқиға түнде болғандықтан, көмектесетін жан табылмапты. Олардың бәрі бір-бірін таниды. Ұрып-соққандардың бірі – бұрынғы полицей, зейнеттегі подполковник. Солай да бола ма екен? Жанжалдың неден шыққанын мен білмеймін. Бақташы қазір ауруханада жатыр", –  дейді ауыл тұрғыны. 

БҚО денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, ер адам бас сүйек жарақатын алған, миы шайқалған, бірнеше қабырғасы сынған, бетінде, басында, белінде көгерген жерлері бар. Жағдайы орташа ауыр деп бағалануда. Қазіргі уақытта зардап шеккен ер адам ауруханада дәрігерлердің бақылауында. 

Ал аймақтық полиция департаменті фактіні растады.

"Аталған факті бойынша шағым түсіп, тіркеуге алынды. Тәулік соңына дейін біліктілігі анықталады. Ал күдікті подполковник 2015 жылы зейнетке шыққан", - деп хабарланды полициядан. 
Өзге мәліметтер анықталуда. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары