$ 498.34  519.72  4.85

«Орыс тіліне ешкім тыйым салған жоқ қой» - министр Болат Ақшолақов

Кейде қазақша айтсаң, неге орысша айтпайсың дейді. Орысша айтсаң, неге қазақша жоқ дейді. Бізде үкіметте орыс тілін пайдалануға ешқандай тыйым жоқ қой, - деді министр.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Энергетика министрі Болат Ақшолақов 20 мамырда астана тұрғындарымен кездесуде қазақ тілінде баяндама жасамағаны үшін сынға қалды, деп жазады inbusiness.kz.

“Баяндаманы неге қазақша жасамайсыз?” - деп сұрады өзін белсендімін деп атаған қала тұрғыны Сайран Накупова.

“Әр аймаққа жұмыс сапарымен барамын. Кейде қазақша айтсаң, неге орысша айтпайсың дейді. Орысша айтсаң, неге қазақша жоқ дейді. Бізде үкіметте орыс тілін пайдалануға ешқандай тыйым жоқ қой”, - деді министр.

“Келесі жолы тағы кездесу өткіземін, тек қазақ тілінде баяндама жасаймын”, - деп уәде берді Ақшолақов.

Белсенді тұрғын тағы бір ескертпе айтты.

“Мына 130 орындық залға 80% АРЭК-тің (Астана-аймақтық электр желілік компаниясы - авт.) қызметкерін отырғызып қойған. Шындық! Халықты орталыққа жинау керек. Хабарласып қалай жететінін сұрап жатыр. Мына жақ алыс. Көп автобус жүрмейді”, - деді қала тұрғыны.

Кездесу Домалақ ана, 9 мекенжайында, Астана-аймақтық электр желілік компаниясының ғимаратында болды.

Министр келесі жолы кең орын табуға уәде берді.

“Жиылған адамдарды білмеймін. Қала тұрғыны ма, әлде басқа ма… Мен шақырған жоқпын. Тек тұрғындармен кездесемін деп анықтама бердім. Кім келсе де бәріне есік ашық”, - деді Ақшолақов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары