Қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий (17-0, 16 КО) француз Джоан Дюопамен (39-6, 26 КО) титулдық жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды Sports.kz.
Салмақ өлшегеннен кейін Кособуцкий мен Дюопа дәстүрлі көзқарас дуэлі рәсімін өткізді.
Естеріңізге сала кетейік, Жан Кособуцкий мен Джоан Дюопаның жекпе-жегі 21 мамырдан 22 мамырға қараған түні Гамбургте (Германия) өтеді.
Бәске WBC International нұсқасы бойынша ауыр салмақтағы бос чемпиондық атақ тігілетін болады. Соңғы рет Кособуцкий қараша айында рингке шыққан: ол пуэрто-рикандық Алексис Гарсияны бесінші раундта нокаутқа жіберді (11-1, 7 КО). Ал Дюопа қараша айында жұдырықтасып, екінші раундта венгриялық Андраш Чаморды (18-34-2, 14 КО) жеңген.