$ 494.87  520.65  4.91

Шығыс Қазақстан облысында пробация қызметінен 5 жыл бойы жасырынып жүрген ер адам ұсталды

Сотталған пробациялық бақылаудан жалтарғаны үшін бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылуы мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысында пробация қызметінен 5 жыл бойы жасырынып жүрген ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
 

ШҚО бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, пробациялық есепте тұрған 30 жастағы азамат 5 жыл бойы іздестірілді.

«Ер адам 2017 жылы ұрлық жасағаны үшін сотталған. Сот оған қатысты айыптау үкімін шығарып, бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Алайда есепке қойылғаннан кейін сотталған адам пробация қызметінің талаптарын елемей жүрген. Ол бес жыл бойы пробация қызметкерлерінен жасырынып жүрген», - делінген ақпаратта. Ер адам Алматы қаласында ұсталды. Белгілі болғандай, сол жақта жалдамалы пәтерде тұрып, кездейсоқ табыс тауып өмір сүріп келген.

«Сотталған пробациялық бақылаудан жалтарғаны үшін бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылуы мүмкін. Тиісті материалдар аудандық сотқа жолданатын болады», - деді пробация қызметінің бастығы Бауыржан Төлеуханов.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ШҚО #пробация