$ 494.87  520.65  4.91

Ақтөбе облысында жай түсіп, жасөспірім оқиға орнында мерт болды

Жасын түскен 2007 жылғы бала оқиға орнында көз жұмды.

Ақтөбе облысында найзағай салдарынан бір бала көз жұмып, ересек адам зардап шекті.
 

Оқиғаның мәнісі жайлы Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті. Өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 20 мамырда кешке Белогорка ауылында болды. Найзағайдан ер адам да зардап шеккен. Қазір ол ауруханада жатыр.

Жасын түскен 2007 жылғы бала оқиға орнында көз жұмды. Ал 27 жастағы ер адам Ақтөбе қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілді.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Ақтөбе #ТЖД