21.05.2022, 20:36

Шымкенттегі жарылыстан қаза тапқандар саны артты

Тағы 8 адам зардап шекті.

Шымкенттегі жарылыстан қаза болғандар ішінде тағы бір жұмысшы бар, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Өкінішке қарай, 1979 жылы туған күзетші Б., 1980 жылы туған жұмысшы Ш. және 18 күн бұрын туған 1 сәби қайғылы оқиғаның құрбаны болды. Қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтамыз. Зардап шеккендерге көмек көрсету және осы қайғылы оқиғаны тергеу үшін ведомство барлық қажетті шараларды қабылдайды», - делінген министрлік хабарламасында.

Ведомство мәлім еткендей, тағы 8 адам зардап шекті. Олардың барлығы қаланың медициналық мекемелеріне жатқызылды. Зардап шеккендерге А. Сызғанов атындағы ҰҒХО дәрігерлері кеңес беріп жатыр. Психологтар тобының жұмысы ұйымдастырылған.

Айта кетейік, бұған дейін Шымкенттегі перинаталдық орталықтың жанындағы дәрі сақтайтын екі қабатты ғимаратта жарылыс болғаны хабарланған еді.