$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте стадион шатырының құлауына қатысты тергеу басталды

Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды.

Шымкентте орталық стадион шатырының құлау жайты бойынша тергеу басталды, деп хабарлайды Skifnews.kz. 

«Орталық стадиондағы шатырдың құлауы туралы хабарлама түсе салысымен оқиға орнына полицияның жедел-тергеу тобы барды. Белгілі болғандай, Павлодардың «Ақсу» - «Ордабасы» командалары арасындағы футбол матчы кезінде қатты желдің салдарынан шатыр құлаған. Оқыс жағдайдан зардап шеккендер жоқ. Аталған жайт бойынша полицейлер ҚР ҚК 278-бабы «сапасыз құрылыс» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды», - делінген қалалық ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары