$ 449.3  489.69  4.89

Шымкентте футбол ойыны кезінде стадионның шатыры ұшып, алаң ортасына түсті

Ауа райының қолайсыздығына байланысты екі ойын кейінге шегерілді.

Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің он екінші турында ауа райының қолайсыздығына байланысты екі ойын кейінге шегерілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Түркістанда кездесу басталуына санаулы минуттар қалғанда «Тұран» мен «Ақтөбе» арасындағы кездесу ауа райының қолайсыздығына байланысты кейін өткізілетін болды. Сол уақытта аталған қалада шаңды дауыл соғып, ойын өткізуге мүмкіндік болмаған.

Аталған жағдайға байланысты Шымкенттегі «Ордабасы» мен Павлодар облысының «Ақсу» клубтарының кездесуі ойын ортасынан тоқтатылды. Қатты жел мен шаңды дауыл салдарынан стадионның шатыры ұшып кетіп, алаңға түсті. Бұл уақытта шымкенттік клуб қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсіп жатқан болатын.

Қазақстан футбол федерациясы аталған ойындардың қашан өткізілетіні туралы алдағы уақытта шешімін айтатын болады.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары