$ 449.3  489.69  4.89

Футбол: Чемпиондар Лигасының финалы 28 мамырда өтеді

Финалда ағылшындық «Ливерпуль» мен испаниялық «Реал-Мадрид» ойнайды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Чемпиондар Лигасының осы маусымының финалында ағылшындық «Ливерпуль» мен испаниялық «Реал-Мадрид» ойнайды. Турнирдің шешуші матчы 28 мамырда (Нұр-Сұлтан уақытымен 29 мамыр сағат 01:00-де) Париждегі «Стад-де-Франс» стадионында өтеді, деп жазады Skifnews.kz порталы.

Чемпиондар лигасының жартылай финалында  «Ливерпуль» испаниялық «Вильярреалды» екі матчтың қорытындысы бойынша 5:2 есебімен жеңді. «Реал»  ағылшындық «Манчестер Ситимен» болған жартылай финалдық кездесуде екі кездесудің қорытындысы бойынша 6:5 есебімен жеңіске жеткен болатын.

1/8 финалда «Реал» француздық «ПСЖ», ал ширек финалда ағылшындық «Челсиді» жеңген еді. «Манчестер Сити» 1/8 финалда португалиялық «Спортингтен», ал ширек финалда испандық «Атлетикодан» басым түсті.

Естеріңізге сала кетейік, «Реал» мен «Ливерпуль» 2018 жылы Чемпиондар Лигасының финалында кездескен болатын. Ол кезде 3:1 есебімен мадридтік команда жеңіс тұғырынан көрінген.

Айта кету керек, осы маусымда Чемпиондар лигасының финалы Санкт-Петербургте өтуі керек еді, бірақ УЕФА Ресейдің Украинадағы әскери арнайы операциясына байланысты турнирдің шешуші ойынын Парижге ауыстыру туралы шешім қабылдады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары