$ 449.3  489.69  4.89

«Қазақ жұмылса – жұдырық». Жанкүйерлер құлаған шатыр астынан көк Туды алып шықты (ВИДЕО)

Әлеуметтік желілерде тараған видеодан бірнеше азаматтың қиранды астынан Туды шығарып жатқанын байқауға болады.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

21 мамырда Шымкентте футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің он екінші турында ауа райының қолайсыздығы салдарынан стадионның шатыры ұшып кетіп, алаңға түсті. Аталған жағдайға байланысты Шымкенттегі «Ордабасы» мен Павлодар облысының «Ақсу» клубтарының кездесуі ойын ортасынан тоқтатылды. Бұл уақытта шымкенттік клуб қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсіп жатқан болатын, деп жазады Skifnews.kz.

Тағы оқыңыз: Шымкентте футбол ойыны кезінде стадионның шатыры ұшып, алаң ортасына түсті

Шатыр құлаған кезде жанкүйерлер бас сауғалап жапа-тармағай қашқан еді. Алайда, құлаған шатыр көк Туды жапырып кеткенін байқаған кейбір жігіттер, оны көтеруге тұра ұмтылған. Әлеуметтік желілерде тараған видеодан бірнеше азаматтың қиранды астынан Туды шығарып жатқанын байқауға болады.

Желі қолданушылары жігіттердің бұл әрекетіне ризашылықтарын білдірді. Олар «Намысын жерге құлатпайтын қазағым», «Қазақ анау-мынау деп көре алмайтын ел айта берсін. Аллаға шүкір, қазақ жұмылса – жұдырық, біріксе - күш. Бірлігіміз арта берсін», деп пікір білдірген.

Оқыс жағдайдан зардап шеккендер жоқ. Аталған жайт бойынша полицейлер ҚР ҚК 278-бабы «сапасыз құрылыс» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Шымкент #ту