$ 494.87  520.65  4.91

«Жеке тұлғаны анықтауға мүмкіндік береді»: ІІМ паспорттағы чипке қатысты түсініктеме берді

Авторлар бұл микросхема шетелде жүрген қазақстандықтарды бақылауға арналғанын айтады.

Ішкі істер министрлігі қазақстандықтардың төлқұжатында неге электрон чип жүргенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Instagram-да чиптелген төлқұжаттың видеосы тараған еді. Соған байланысты көші-қон қызметі түсінік берді. 

"Электрон төлқұжат әлемнің көп елінде енгізілген. Қазақстанда микросхемасы бар төлқұжаттар, сондай-ақ жеке куәліктер 2009 жылдан бастап шығарылады. Чип адам туралы жеке деректерді сақтауға арналады және жеке тұлғаны сәйкестендіруге мүмкіндік береді", - деді министрліктің баспасөз қызметіндегілер.

Ішкі істер министрлігі чипі бар төлқұжат электродты жүйелер арқылы басқа елдердегі шекара өткізу пункттерінен және паспорттық-визалық бақылаудан жеңіл өту үшін енгізілгенін айтты.

"Төлқұжаттардағы чиптер шекарадан өткен кезде тек арнайы оқу құрылғыларымен өзара әрекеттеседі", - деп толықтырды департамент өкілдері.

Еске салайық, Қазнет қолданушылары чиптелген төлқұжатты талқылаған болатын. Видео кейіпкерлері төлқұжатты ашып, ішінен чипке ұқсас құрылғыны табады. Авторлар бұл микросхема шетелде жүрген қазақстандықтарды бақылауға арналғанын айтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#төлқұжат #чип