$ 444.22  476.38  4.82

«Мен ең үздік боксшыдан ұтылдым»: Әлімханұлынан нокаутпен жеңілген Дигнум кездесу туралы алғаш рет пікір білдірді

Жәнібекті құттықтаймын, ол мықты қарсылас және оның болашағы зор.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Британиялық боксшы Дэнни Дигнум отандасымыз Жәнібек Әлімханұлынан нокаутпен жеңілгеннен кейін алғаш рет кездесу туралы пікір білдірді, деп хабарлайды sports.kz.

«Мен ең үздік боксшыдан ұтылдым. Басымды тәуекелге тіккенімді білемін, алайда, мұндай мүмкіндіктен бас тарта алмадым. Мені қолдағандардың барлығына алғысымды білдіргім келеді. Демеушілеріме көп рақмет. Оларсыз мұндай деңгейге жете алмас едім. Жәнібекті құттықтаймын, ол мықты қарсылас және оның болашағы зор. Енді аздаған үзіліс алып, уақытымды отбасыма арнаймын. Содан кейін шаршы алаңға қайта оралатын боламын», - деп жазды Дэнни Дигнум өзінің Instagram парақшасында. 

Еске сала кетейік, кеше, 22 мамырда отандық былғары қолғап шебері Жәнібек Әлімханұлы WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы уақытша әлем чемпионы атағы үшін британиялық Дэнни Дигнуммен жұдырықтасты.

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен бокс кешінде отандасымыз қарсыласын екінші раундта сұлатып түсірген еді. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары