Ақын және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов баспасөз конференциясында «Қазақстанның Халық Конгресі» партиясының қайта құрылғаны туралы хабарлады. Жақын арада бастамашыл топ тіркеуді бастау үшін құжаттарды Әділет министрлігіне жібереді.
– Біз диалог алаңын құрып, қоғамның әрбір мүшесін шақырамыз, қуатты Қазақстанды құруға арналған бағдарлама жасадық. Біздің мақсатымыз – кемшіліктерді талдап, ертеңге қажетті қадамдар жасау керектігін түсіндіру, – деп мәлімдеді Сүлейменов.Еске салайық, бұған дейін партия басшылары негізгі бағдарламалық міндеттерін айтқан болатын:
1) ҚР Конституциясының 6-бабына өзгерістер енгізу, онда «халықтың басты меншігі жер және оның қойнауы болып табылады және бұл меншік әрқашан халыққа тиесілі» деген тіркес жазылады; 2) Қазақстанның әрбір азаматы үшін Қазақстан аумағында өндірілетін мұнайды, газды, алтынды, мысты, алюминийді және басқа да пайдалы қазбаларды сатудан мемлекеттік аударымдар үшін дербес банктік шот ашу; 3) Қазақстан Республикасының барлық кәмелетке толған азаматтарын мемлекет есебінен тегін кепілдікті тұрғын үймен қамтамасыз ету; 4) Қазақстан Республикасының барлық азаматтары үшін тегін мектепке дейінгі, кәсіптік және жоғары білім беруді белгілеу бөлігінде ҚР Конституциясына өзгерістер енгізу; 5) ауыл шаруашылығы өндірісімен айналысуға шешім қабылдайтын Қазақстанның әрбір азаматына жеке меншікке жер телімін тегін бөлуді қамтамасыз ету.