Жаңалықтар 23.05.2022 сағат 17:00

4 пайыздық автонесие кімдерге берілмейді?

Негізгі талап – төлем қабілеттілігі.
4 пайыздық автонесие кімдерге берілмейді?
Фото: ашық дереккөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

4 проценттік автокредит бағдарламасына қатысып жатқан банктер үміткерлерді қалай іріктейтінін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Негізгі талап – төлем қабілеттілігі. Автокредитке өтінім берген адам соңғы алты айда тұрақты түрде зейнетақы жарнасын аударған болуы шарт. Екіншіден, табысы бір айлық шығыннан кем дегенде 50 процентке артық болуы керек.

«Мәселен, ай сайынғы табысы 100 мың делік, онда шығыны 50 проценттен, яғни 50 мың теңгеден аспауы тиіс», – деп түсіндірді банк өкілдері орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Ал клиенттің ай сайын 30 мың төлеп тұратын басқа кредиті болса, онда 20 мың ғана қалады. Ол ақша жеңілдетілген автокредит алуға жетпейді. Осыған байланысты банк өкілдері алдымен қаржы мүмкіндігін жан-жақты бағалауға кеңес беріп отыр. Содан кейін ғана автокредитке өтінім берген дұрыс.

Айта кетсек, 16 мамырда республика бойынша 4 проценттік автокредит бағдарламасы іске қосылды. Банк «ЦентКредит» бірінші болып өтінім қабылдауды бастады. Артынан оған «Еуразиялық банк» пен Halyk bank қосылды. Бүгін Forte bank өтініш қабылдауды бастайды деген жоспар бар. Жалпы, бағдарламаға 100 миллиард теңге бөлінеді.

20 мамырда Еуразиялық банк жеңілдетілген автокредит бойынша өтінім қабылдауды уақытша тоқтатты. Банк баспасөз қызметінің хабарлауынша, бағдарлама іске қосылған төрт күн ішінде бөлінген мемлекеттік лимит таусылып қалған. 16 мамырдан бері 9 мың өтінім қабылданды. Банк келесі транш бөлінгенде өтінім қабылдауды қайта іске қосатынын мәлімдеді.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар