24.05.2022, 10:40

Әлімханұлы әлем чемпиондарына үн қатып, батыл мәлімдеме жасады

Фото: ашық дереккөз
Сендерге айттым ғой! Бұл жеңіл жекпе-жек болады десем, жеңіл жекпе-жек болады. Мен барлық чемпионды оңай жеңемін, Иншалла!

Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) орта салмақта WBO тұжырымы бойынша "уақытша" чемпион титулын жеңгеннен кейін чемпиондарға үн қатты, - деп хабарлайды tengrinews.kz.

"Сендерге айттым ғой! Бұл жеңіл жекпе-жек болады десем, жеңіл жекпе-жек болады. Мен барлық чемпионды оңай жеңемін, Иншалла!" - деп жазды боксшы Twitter-парақшасында.

Еске салайық, Әлімханұлы 22 мамырда Лас-Вегаста ұлыбританиялық Дэнни Дигнумды (14-1-1, 8 КО) мерзімінен бұрын жеңген болатын. Титул сарапқа салынған жекпе-жек екінші раундта аяқталған. Бұл жетістік қазақстандыққа әлемдік белбеу алуға мүмкіндік берген еді.