$ 448.89  477.93  4.76

Қостанайда сантехник жұмысшының ескерткіші пайда болды

Қарапайым жұмысшының шаршаңқы отырған күйін қаланың Пушкин мен 5 сәуір көшелерінің қиылысынан көруге болады, деп хабарлайды «Наша газета».

Ерекше мүсіннің авторлары қостанайлық суретші-монументшілер Александр Захарченков мен Юрий Черемухин. Биіктігі бір жарым метр болатын мүсінде құбыр желісінің үстінде шаршаңқы, сол қолымен бұрау тетігін ұстап, алдына жұмысына қажетті құралын алып отырған қарапайым жұмысшы-сантехник бейнеленген. Бетон мен металдан жасалған мүсін қалалық ТКШ бөлімі қадағалайтын саябақтың тура кіреберісінде орналасқан.

Айта кетейік, Қостанайда қарапайым кәсіп иелерінің құрметіне ашылған мүсін бұл ғана емес. Бұған дейін болат (металл) қорытушы мен нан пісірушінің тұлғалары да сомдалған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары