$ 494.87  520.65  4.91

Жыл басынан бері Жамбыл облысында 345 өрт оқиғасы тіркелді

Үстіміздегі жылдың бүгінгі күніне дейін Жамбыл облысы аумағында 345 өрт оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басапасөз қызметі мәлімдегендей, адам қаза болған немесе жарақат алған өрт оқиғаларының басым көпшілігі тұрғын үй секторларында орын алған. Ал негізгі себебі азаматтардың мас күйінде темекі шегуі болып отыр.

Жыл басынан бергі мәліметтерге сүйенсек, облыста өрттен 15 адам қаза болып, 12 адам жарақат алды.

«Қазіргі таңда алкогольді ішімдіктерді ішу мен темекі шегу адамдардың денсаулығына зиянын келтіріп қана қоймай, өрт шығып, салдарынан адам шығыны мен үлкен материалдық залалдар келуде», делінген хабараламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары