24.05.2022, 16:40

Атырауда көліктердің VIP нөмірлері жалған түбіртекпен сатылып келген

Фото: ашық дереккөз
Аталған дерек бойынша қала прокуратурасымен ҚР ҚК-нің 190-бабын 3-бөлігімен және 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Атырау қаласының прокуратурасы VIP нөмірлерді жалған түбіртекпен сатып алғандарды анықтады.

«Жоғары сұранысқа ие нөмірлерді сатып алу кезінде жалған түбіртектерді пайдаланып, мемлекет пайдасына залал келтірген. Сатып алынған нөмірлердің сомасын тексеру барысында 5 млн теңгеден астам қаражат бюджетке түспегендігі белгілі болды. Яғни, VIP нөмір сатып алғандар төлем жасарда жалған түбіректер қолданған», – делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша қала прокуратурасымен ҚР ҚК-нің 190-бабын 3-бөлігімен және 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.