$ 494.87  520.65  4.91

Канело мен Головкин арасындағы үшінші жекпе-жектің өтетіні ресми түрде жарияланды

Трилогия 17 қыркүйекте өтеді.

Канело мен Головкин арасындағы үшінші жекпе-жектің өтетіні ресми түрде жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Трилогия 17 қыркүйекте өтеді. Бұл туралы Геннадий Головкиннің өзі сүйіншіледі. "Ресми. 17 қыркүйекте кездескенше!", - деп жазды өзінің инстаграм парақшасында.

Бұған дейін мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес (57-2-2, 39 КО) пен Головкин (42-1-1, 37 КО) арасындағы үшінші жекпе-жек бұрын келісілгендей қыркүйек айында болатыны айтылған болатын. 

«Жақын күндері біз жекпе-жек туралы хабайлайтын боламыз. Әрине, Головкинге қарсы жекпе-жек алдында келісілгендей қыркүйек айында болады. Сонымен қатар сәл кейін Биволмен де реванш өткізетін боламын», - деген еді «Канело» баспасөз мәслихатында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары