$ 446.49  475.38  4.79

Елордада түрмеден шыққандарға ақшалай көмек берілмек

Оның айтуынша, біржолғы төлемді алу үшін түрмеден шыққан соң 6 айдың ішінде өтініш берілуі тиіс.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі түрмеде жазасын өтеп шыққан азаматтарға 47,7 мың теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетуді жоспарлап отыр. Бұл туралы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Илья Скуб мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрметті депутаттар, назарларыңызға жекелеген санатқа жататын азаматтарды әлеуметтік көмекпен қамту туралы жобаға өзгеріс енгізу ұсынылып отыр. Атап айтқанда, әскери ардагерлерге берілетін біржолғы әлеуметтік төлемнің көлемін 20 АЕК-тен 35 АЕК-ке (1 АЕК – 3180 теңге) арттыру. Аталған әлеуметтік шара 800 адамға қатысты. Сонымен қатар алғаш рет түрмеден босап шыққан азаматтарға 15 АЕК көлемінде біржолғы төлем беруді ұсынып отырмыз», - деді Илья Скуб қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында.

Оның айтуынша, біржолғы төлемді алу үшін түрмеден шыққан соң 6 айдың ішінде өтініш берілуі тиіс. «Азаматтарды әлеуметтік көмекпен қамтуға қатысты ұсынылған жоба Қазақстан Республикасының заңнамаларына қайшы емес. Сол сияқты құқықтық актілерге қойылған талаптарға сәйкес келеді. Жобаға енгізілген өзгерістерді қолдауды сұраймыз», - дейді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары