$ 494.87  520.65  4.91

Қолданылған заттарды сатуға мәжбүрлеген: Қызылордада мемлекеттік аудиторлар айыпталуда

Өзге ақпараттар тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Қызылорда облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі аудиторлық тексеру жүргізу барысында бірнеше рет пара алғаны үшін ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бөлім басшысы мен бас маман-мемлекеттік аудиторына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Аудиторлық тексеру жүргізу кезінде аталған тұлғалар өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалана отырып, «Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-не бағынысты мекеме бухгалтерлерінен киілген киімдерді (пальто, күртеше, орамал) көтеріңкі бағамен өткізуді талап етіп, сатудан түскен 456 000 теңге ақшалай қаражатты өз қалтасына алғандығы да анықталды», - делінген Агенттік хабарламасында.

Өзге ақпараттар тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары