25.05.2022, 23:06

Түлектер тынышталар емес. Ақтауда жол ережесін бұзған мектеп бітірушілерді полиция іздестіріп жатыр

Фото: ашық дереккөз
Кадрларда көліктердің мемлекеттік нөмірі анық көрінеді.

Ақтау көшелерінде көлік терезесіне шығып, көк лента бұлғаған мектеп бітірушілерді полиция іздеп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Куәгерлер жеңіл және жүрдек машиналардың жол ережесін өрескел бұзған сәтін түсіріп алған. Кадрларда көліктердің мемлекеттік нөмірі анық көрінеді. Жол қозғалысына қауіп төндіргендер әкімшілік жауапқа тартылады дейді құқық қорғаушылар.