$ 494.87  520.65  4.91

Петропавлда полиция қызметкері өлі күйінде табылды

Жәбірленушінің артында екі баласы қалды.

Петропавлда учаскелік полиция инспекторы өлі күйінде табылды, деп хабарлады Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы мәлімдеді. 

"25 мамырда Петропавл қаласының ішкі істер бөлімінде қызмет еткен 1990 жылы туған учаскелік полиция инспекторының мәйіті қаладағы шағын аудандардың біріндегі үйден табылды. Ол пышақ жарақатын алған", - деп хабарлады қадағалау органы.

Аталған факті бойынша Петропавл қаласының полиция басқармасының тергеу бөлімі сол күні Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Облыс прокурорының орынбасары Мұрат Қожамқұлов бұл іс бойынша жәбірленуші шын мәнінде полицей екенін, бірақ бұл қылмыс оның кәсіби қызметіне қатысы жоқ екенін түсіндірді. 

"Осы нұсқа бойынша жәбірленушінің жұбайының осы қылмысқа қатысы бар-жоғы тексерілуде.Қазіргі уақытта іс бойынша іс бойынша барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған барлық қажетті және шұғыл тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу нәтижелері бойынша қорытынды шығару. Сот-медициналық сараптама тағайындалуда. Тергеу барысы Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының бақылауында", - деп атап өтті прокуратура.

Жәбірленушінің артында екі баласы қалды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары