$ 494.87  520.65  4.91

Каспий жағалауынан тағы өлі итбалықтар табылды

Жаһандық климаттың өзгергені Каспийдегі биоортаға кері әсер етуі мүмкін деген болжам бар.

Сүтқоректілерді теңіз толқыны Ақшұқыр ауылының маңына шығарып тастаған, деп хабарлайды «Хабар 24». Өлекселердің бұзылып кетуіне байланысты жою жұмыстарымен жергілікті әкімдік айналысады. Итбалықтардың нақты неден өлгені белгісіз.

Экологтардың ауа және теңіз суынан алған сынамалардан табиғатқа зиянды зат табылған жоқ. Биыл Түпқараған ауданында 200-ге жуық өлі итбалық анықталды. Жаһандық климаттың өзгергені Каспийдегі биоортаға кері әсер етуі мүмкін деген болжам бар.  

Жақсығали Іздібаев, аймақтық балық шаруашылығын бақылау инспекциясының басшысы:

- Ғалымдар соңғы 4-5 жылдағы табиғат құбылысына байланысты дейді. Қыстың мезгіліндегі күннің жылылығына байланысты. Түпқараған ауданына батыс жақтан жел соққан уақытта бүкіл осы жағалауға келеді. Сондықтан болып жатқан бұл жайттар тек қана Қазақстан аумағында деп ойламаймын. Каспий теңізі үлкен ғой, басқа да елдер бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары