$ 494.87  520.65  4.91

Республиканың басым бөлігінде бұршақ жауады, жел күшейеді

«Қазгидромет» РМК мамырдың 26-сы күнгі күн райы болжамын жариялады.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

«Қазгидромет» РМК-сы мамырдың 26-сы күнгі күн райы болжамын жариялады. Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, Екатеринбург ауданынан келген циклонның ықпалымен республиканың батыс, солтүстік-батыс, солтүстік, оңтүстік аудандарында күн құбылмалы болады. Сондай-ақ аталған циклонның ықпалымен республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауып, солтүстік-батыста нөсер жаңбыр жауады, найзағай ойнап, бұршақ жауады, жел күшейеді.

Түнгі және таңғы сағаттарда батыс пен солтүстік-батыста топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік дүреді. Еліміздің оңтүстігінде, солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, дауыл тұрады, облыстың солтүстігінде, батысында шаңды дауыл тұрады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында желдың жылдамдығы секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, күндіз екпіні 25 м/с-қа дейін күшейеді.

Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, найзағай кезінде желдің күші 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Маңғыстау облысының түнде оңтүстігінде, күндіз солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай ойнап, түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Ақтөбе облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Қостанай облысының солтүстік жартысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында шаңды дауыл тұрады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшейеді. Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстік-батысында найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ жауып, шаңды дауыл тұрады, күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 мтерге, облыстың оңтүстік-батысында екпіні 25 м/с-ке дейін күшейеді.

Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жуады, дауыл тұрады, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Қызылорда облысының орталығында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде де желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрг ежетеді.

Күндіз Қарағанды облысында, Жамбыл облысының солтүстігінде қатты аптап ыстық болады. Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді. Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында, Қызылорда облысының орталығында, Павлодар облысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары