Украинадағы соғыстан туындаған азық-түлік, отын және қаржы дағдарысы кесірінен кедей елдерде тәртіпсіздіктер басталып, 70-тен астам ел дефолтқа ұшыруы мүмкін. Давоста өтіп жатқан Дүниежүзілік экономикалық форумда БҰҰ ДДМУ бағдарламасының өкілі Ахим Штайнер мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.
«Біз тиісті шара қабылдауға тырысып жатырмыз. Көптеген дамушы елде қаражат таусылуда», – деді Штайнер.
Оның айтуынша, инфляция мен пайыздық мөлшерлемелердің жоғары болуы салдарынан 70-тен астам елде дефолт орнауы мүмкін. Бұған дейін Шри-Ланкада жаппай наразылықтар аясында дефолтты жарияланған болатын.
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гуттериш Украинадағы соғыс жаһандық азық-түлік дағдарысын тудырды деп мәлімдеген еді. Ол дағдарысты тоқтатпаса, бірнеше жылға созылуы мүмкін екенін айтты.