Бұл жөнінде белсенді Насима Қорғанбекова Facebook парақшасында жазды.
"Өскеменде жолдағы ойық-шұңқырларға қала әкімі Жақсылық Омардың суретімен қою челленжі басталды. Бұл – билік назарын аудартуды көздейтін шара. Челлендж ұраны – "Ең дұрыс жөндеу – Омарды қызметінен кетіру".
"Осының барлығы бүкілхалықтық референдум қарсаңында болып отыр. Жарайсың, ШҚО. Қанекей, тағы да!", - деп жазды белсенді.
Естеріңізде болса бұған дейін Жақсылық Омаровқа қатысты желіде даулы видео пайда болған еді.
Желіде жарияланған видеода тоғыз қара нәсілді ер адам Жақсылық Омардың ең жақсы әкім екенін айтып ән салады. Артынша олардың бірі әкімнің суретін сүйеді.