Жаңалықтар 27.05.2022 сағат 07:00

Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының қамауға алынғаны рас па?

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліліп жатыр.
Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының қамауға алынғаны рас па?
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бұрынғы Мәдениет және спорт министрі, қазіргі Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауға алу туралы санкция жоқ. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы сотының баспасөз қызметінен хабарланды. 

«Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты мамандандырылған тергеу сотына материал түскен жоқ», - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы сотының баспасөз қызметінің жетекшісі Ботагөз Баянова. 

Осылайша, қазіргі уақытта экс-министрді тергеу изоляторына ауыстыруға негіз жоқ.

Еске салайық, бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік Ұлттық музей басшылығы мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында 146 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінгенін хабарлаған болатын. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. 

Сондай-ақ 16 мамырда музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының ауруханада жатқаны белгілі болды. Сол арада Мұхамедиұлы өзіне қол салмақ болды деген ақпарат та тарады. 

Алайда Ұлттық музейдің баспасөз қызметі бұл хабарды жоққа шығарып, ол аяғын емдету үшін ауруханаға жатқанын алға тартты.

halyq-uni.kz

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар