$ 494.87  520.65  4.91

«1937 жылғы қуғын-сүргінді еске түсіреді»: Қайрат Құдайбергеннің атасы Тоқаевтан араша сұрады

87 жастағы қарт ардагердің сөзінше, оның немересі – халық қалаулысы, жастардың жетекшісі Қайрат Құдайберген алаңға шыққандарға басу айту мақсатында халық алдына шыққан.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қаңтар оқиғасына байланысты күдікті ретінде ұсталып, "Жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыру және қатысу" бабы бойынша айыпталған Алматы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайбергеннің атасы, Алматы қаласы Алатау аудандық Ардагерлер ұйымының төрағасы Қабдоллин Құдайберген президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдап, немересіне қатысты істе әділдік орнауына көмектесуді өтінді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

87 жастағы қарт ардагердің сөзінше, оның немересі – халық қалаулысы, жастардың жетекшісі Қайрат Құдайберген алаңға шыққандарға басу айту мақсатында халық алдына шыққан.

«Алматы қаласының басшылары, басқа депутаттар алаңда көрінбеді. Ал енді, сол Қайратты қаңтар оқиғасының ұйымдастырушысы ретінде қамауда ұстап отыр. Бұл құқық қорғау органдарының жіберіп отырған үлкен кемшілігі. Сіздің Жаңа Қазақстан құрамыз деп отырған мақсатыңызға қайшы. Сот жүйесі тек онлайн түрде өтіп жатыр, 1937 жылғы қуғын-сүргін заманды еске түсіреді. Сондықтан сізден өтінім сұрайтыным – әділ шешім шығаруға көмектесіңіз» делінген өтініш мәтінінде.

Желіде жарияланған үндеу астында пікір білдірушілердің дені Қайрат Құдайбергеновтың жазықсыз қамалғанын алға тартып, оны босатуды талап еткен. 

Еске сала кетейік, жуырда Алматы қалалық соты Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі екі айға ұзартылғанын мәлімдеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары