$ 447.4  477.55  4.76

3 жасар баланы құтқарған Сәбит Шонтақбаев бұған дейін тағы бір жасөспірімді ажалдан арашалаған

Оқиға осыдан  он үш жыл бұрын болған.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Астаналық 3 жасар бүлдіршінге екінші рет өмір сыйлаған қызылордалық Сәбит Шонтақбаев бұған дейін де бір жасөспірімді ажалдан арашалап қалған, деп хабарлайды "Астана" арнасы. Оқиға осыдан  он үш жыл бұрын болған.

Тағы оқыңыз: Астанада үш жасар бүлдіршінді құтқарған жігітке депутат үш бөлмелі пәтер сыйлады

2009 жылы Сәбит қалалық жағажайда суға батып бара жатқан 15 жастағы қызды көріп, дереу суға секіріп, оны құтқаруға тырысқан. Ол басына төнген қауіпті де елемеген. Тек бар ойы қызды жағаға алып шығу болған. Абырой болғанда, жасөспірім аман қалған. Сәбиттің бұл ерлігін көпшілік білмейді, өзі де ол әрекетін батырлық деп санамағанын айтады. Ал елордадағы ерлігі дүйім жұрттың әлі аузында жүр.

Тағы оқыңыз: Елордада бүлдіршінді құтқарған екінші жігітке де пәтер берілді

Сәбит өзі де басында түс көргендей болғанын  жасырмайды. Алайда бүлдіршінді құтқаруға ұмтылған сәтте сый-құрмет, атақ-даңқты емес, баланың амандығын тіледім дейді ол. Себебі, терезеге ілініп тұрған қыз балаға қарағанда, өзінің кенже ұлы есіне түскен. Тіпті Сәбит 7 қабаттың биіктігін де байқамағанын жеткізді.

Тағы оқыңыз: Шетелдіктер Сәбиттің ерлігі мен терезенің сапасына тәнті болды

“Мен ол сәтте төменге қарамағанмын, тек балаға қарай бергенмін, қолын жіберіп қоймай ма, ұстап үлгерейін деген оймен. Сұхбат беріп, қалай болғанын көрсеткен кезде ғана жетінші қабаттың қаншалықты биікте тұрғанын байқадым. “Әлемді сұлулық емес, мейірімділік құтқарады” дейді Мейірімділік болса, бәрі болады”, – дейді Сәбит Шонтақбаев.

Тағы оқыңыз: Сегізінші қабаттан құлай жаздаған қыздың анасы оқиғадан кейін ауруханаға түскен

Еске салсақ, 11 мамырда елордада көпқабатты үйдегі пәтердің терезесінен құлауға шақ қалған үш жасар қыз баланы Сәбит Шонтақбаев есімді ер адамның құтқарып қалды. Осы батыл әрекеті үшін Сәбит Шонтақбаев “Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін” төсбелгісімен марапатталды. Одан бөлек батыр азаматқа елордадан үш бөлмелі пәтер сыйға берілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары