$ 494.87  520.65  4.91

«Келінге ана бола білу керек». Зейнеп Ахметова келіндерін жамандайтын енелерге үндеу жасады

Жас келінге қадалатын көз де көп, айтылатын сөз де көп. Киген киімі, жүрген жүрісі бәріне сыни көзбен қарайды. Осындай кезде ене сүйеу болып, үлгі-өнеге көрсету керек.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Бауыржан Момышұлының келіні, белгілі жазушы Зейнеп Ахметова бүгінде келіндерін жамандап жүрген енелерді қатаң сынға алды. Ол баласы таңдап келген аруға барынша ана болуға тырысу керектігін алға тартты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі. 

Зейнеп Ахметова келіндеріне күн көрсетпей жүрген енелерге үндеуін «Hikmet TV» арнасына берген сұхбатында жолдады. 

«Сенің не еңбегің сіңді оған? Бір адамды бір әлем дейтін болсақ. Сенің қолыңа бір әлем келді. Сен оған қандай еңбек сіңірдің? Ананың ақ сүтін бердің ба? Әкенің адал күшін жұмсадың ба? Оны мүлдем басқа адамдар жасады. Түн ұйқысын төрт бөлді, ақ сүтін берді. Бақты, қақты, өсірді, жеткізді. Дайын күйі, тіпті бір күн қызығын да көрмей сенің қолыңа ұстатты. Ендігі жерде оған ие болмасаң, кімсің деймін. Кез келген әйел ене бола алады. Келінге ана бола білу керек. «Әйтеуір келін» дей бермей, бұл жерде ананың парасаты керек. Жас келінге қадалатын көз де көп, айтылатын сөз де көп. Киген киімі, жүрген жүрісі бәріне сыни көзбен қарайды. Осындай кезде кім сүйеу болу керек? Ене сүйеу болып, үлгі-өнеге көрсету керек», - деді ол. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары