27.05.2022, 14:20

Батыс өңірде біреулер зираттағы ескерткіштерді қиратып кеткен

Фото: ашық дереккөз
Анықталғандай, 14 ескерткіш белгі бүлінген.

БҚО-да белгісіз біреулер бейіттегі ескерткіш түріндегі белгілерді қиратып кеткен деп хабарлады turkystan.kz.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 26 мамыр күні сағат 19.00-де Бәйтерек ауданы Трекин ауылындағы православ зиратында болған. Анықталғандай, 14 ескерткіш белгі қиратылған.

«Аталған дерек ақпаратты тіркеу кітабында тіркелді. Қазіргі кезде ҚК 314-бабына (қайтқан адамдардың мәйiттерiн және олар жерленген жерлердi қорлау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Осы оқиғаға қатысы бар адамдар анықталу үстінде», – деп хабарлады ведомстводан.

Ауыл тұрғындары жедел қимылдаған полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.