Өскеменде «Восточник-3» бау-бақша серіктестігі ауданында әйел адамның мәйіті табылды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
ШҚО ПД баспасөз қызметі 12 мамырда Өскемен қалалық ІІБ-не Үлбі полиция бөлімінің «102» арнасына «Восточник-3» шағын ауданында Ертіс өзенінен мәйіт табылғаны туралы хабарлама келіп түскенін мәлімдеді. Аталған факті белгіленген тәртіппен тіркелді.
Ведомствода өлімнің себебін анықтау үшін бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалғанын атап өтті. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 201 бабына сәйкес басқа да мәліметтер жария етуге жатпайды.